Орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин, WBC чемпионы Сауль Альварес пен Амир Ханның жекпе-жегі туралы пікірін айтты. Қазақстандық боксшының мәлімдеуінше, қарсыластардың дене көлемдерінің әр түрлі болуы бокс үшін жаман.

«Бұл спорт үшін, бокс үшін дұрыс емес. Иә, Амир Хан жаман емес. Мүмкін оның жылдамдығы жоғарырақ, физикасы мықтырақ шығар, бірақ олардың дене көлемдері әр түрлі.

Болашақта Хан Альваресті жеңіп кетсе, мен онымен міндетті түрде жекпе-жек өткізуім керек болады. Сол кезде адамдар «Әй, Гена, сенікі дұрыс емес, ол кішкентай ғой, ал сенің денең үлкен» деп айтады. Бірақ маған бұл белбеу керек. Бұл үшін кіммен жұдырықтасатыным маңызды емес – Канело, Хан, Уэйд немесе Котто. Маған мүмкіндік керек, соны берсеңдер жеткілікті», - деді Головкин.