Атақты никарагуалық боксшы Роман Гонсалес қазақстандық Геннадий Головкинді мақтады.

«Головкин – ұлы чемпион. Мен оны үздік боксшылардың рейтингісінде озып тұрмын деп айта алмаймын. Екеуімізде өз салмақ дәрежемізде көш бастап келеміз. Маған Головкиннің тәртіптілігі, оның күші мен жұдырықтасу стилі ұнайды», - деді Гонсалес.

Естеріңізге сала кетсек, Роман Гонсалес Геннадий Головкиннің бокс кешінде пуэрторикалық Маквильямс Арройомен кездеседі.