«Қайрат» оқу-жаттығу жиынында босниялық «Сараевоны» ұтты, деп хабарлайды алматылық клубтың ресми сайты.  

Балқандық командаға қарсы жолдастық кездесу алматылықтар үшін тартысты өтті. Алдымен, босниялық футболшы Дульевич пенальтиден есеп ашты. Артынша, Исаэль Барбоза таблода есеп теңестірді. Кейін, Жерар Гоу есепті еселеп, матчтың аяқталуына он минут қалғанда Исламханның пасынан дубльдің авторы атанды. Осылайша, «Қайрат» 3:1 есебімен жеңіске жетті.  

«Қайрат»: Владимир Плотников, Ермек Қуантаев (Тимур Рудосельский 75), Жарко Маркович, Бруно Соарес, Лукаш Тесак, Анатолий Тимощук, Аслан Дарабаев (Виталий Ли 75), Бауыржан Исламхан (Мадияр Райымбек 85), Сито Риера (Исламбек Қуат 55), Исаэл Барбоза, Жерар Гоу.

«Сараево»: Боян Павлович, Адиян Кадушич, Амир Бекич, Аднан Ковачевич, Денис Крамар, Эмерсон, Эдин Рустемович, Харис Дульевич, Дени Симеунович, Сезар, Амер Бекич.