Алматы облысындағы Дүниежүзілік бокс академиясында ұлттық бокс командаларының жиыны өтіп жатыр. Бұл жолы Қазақстан және Германия құрамалары бірге жаттығуда.

Қазақстан құрамасының бас бапкері  Мырзағали Айтжанов академияға 69-дан 91 келіге дейін және одан жоғары салмақ санатындағы  спарринг әріптестер келгеніне қуанышты екенін мәлім етті.  

Олардың біразы олимпиадалық жолдамалардың иегерлері - Араик Марутян (69 келі), Давид Граф (91 келі) және Эрик Пфайфер (91 келіден жоғары).

Қазақстандық бокс федерациясы атап өткендей, неміс командасы мүшелерінің жартысына жуығы орыс тілінде сөйлейді. Марутян мен Граф - Армения, Пфайфер - Ресей тумалары.

Қазір біздің спортшылар мен неміс боксшылары жұппен жаттығу жасауда, екі команданың кездесуі 17 және 19 ақпанда өтеді.