Ауыр салмақ дәрежесінде өнер көрсететін польшалық боксшы Кшиштоф Влодарчик (49-3-1, 35 КО) келесі кездесуін ресейлік Валерий Брудовқа (42-7, 28 КО) қарсы өткізеді, деп хабарлайды Boxing Scene.

Аталмыш жекпе-жек наурыздың 4-і, Польшада өтеді.

Влодарчик өзінің соңғы жекпе-жегін осыдан екі жыл бұрын Григорий Дроздқа қарсы өткізіп, ресейлік боксшыдан ұтылып қалған болатын. Егерде польшалық боксшы Брудовты жеңсе, онда сәуірдің аяғында қазақстандық Бейбіт Шүменовке қарсы шығады.