IBF, IBO және WBA тұжырымдары бойынша орташа салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер қарамағындағы спортшының неліктен Доминик Уэйдпен жұдырықтасатынын түсіндіріп берді.

«Геннадиймен ешкімнің жұдырықтасқысы келмейді – біз титул иегерлерінің ешқайсысымен келісе алмадық, сондықтан Головкиннің белбеуіне міндетті үміткермен жекпе-жекті ұйымдастыруға тура келді. Бірақ жұдырықтасу жай болмайды, себебі біздің қарсыласымыз жас әрі ол табысқа жетуге асығып отыр», - деді Леффлер.