Сегіз салмақ дәрежесінде әлемнің бұрынғы чемпионы Мэнни Пакьяо Тимоти Брэдлимен кездесу өткізген соң мансабын аяқтайтынын жеткізді.

«Басқалардың не ойлайтыны мені мазаламайды. Мен Брэдлимен жекпе-жектен кейін бокстан кетемін», - деді филиппин боксшы.

Естеріңізге сала кетсек, Пакьяо мен Брэдли 9 ақпанда кездеседі.