Қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеев кәсіби рингтегі екінші жеңісіне қол жеткізді. Бұл  туралы 24.kz хабарлады. 
 
Алғашқы орташа салмақта (69,9 кг) өнер көрсеткен 27 жастағы қазақстандық боксшы америкалық Обафеми Бакаремен жұдырық түйістірді. Бұл кездесу Калифорния штатындағы «Студио Ситиде» өтіп, Әшкеевтің айқын басымдылығымен аяқталды. 
 
Естеріңізге сала кетейік, Әшкеев үшін бұл кәсіби рингтегі екінші жекпе-жегі. Ол былтыр 12 желтоқсанда алғашқы кездесуін өткізген болатын. Төрт раундтық кездесуде қарсыласы Тэворис Тидж екінші раундтан кейін шаршы алаңға шығудан бас тартқан еді. Төрт кездесу өткізген америкалық боксшы үшін бұл алғашқы жеңіліс болды