«Атырау» оқу-жаттығу жиынында кезекті жолдастық кездесуін өткізді.

Бұл туралы «мұнайшылардың» ресми сайты мәлім етті. Қазақстандық команда словакиялық «Спартакпен» күш сынасқан. Үзіліске дейін есеп ашылған жоқ. Тек 76-минутта словактар алға шықты – 0:1. Қалған аз уақытта «Атырау» бар күшімен алға ұмтылып, нәтижесінде қосымша уақытта таразы басын теңестіріп тастады. Бұл голды қаралымда жүрген шабуылшы соқты.

Бапкерлік штаб бұл ойында барлық футболшыны алаңға шығарды.

ОЖЖ-дағы соңғы матчын атыраулықтар 16 ақпанда өткізеді. Бұл жолғы қарсылас – «Александрия» (Украина).