23-жасар жартылайқорғаушы Евгений Левин алматылық «Қайрат» клубында қаралымнан өтіп жүр.

Бүгін таңертең Евгений Левин Түркия елінде оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан «Қайраттың» сапына келіп қосылды.

Айта кетейік, былтырғы маусымда қазақстандық ойыншы «Ақтөбе» клубының жейдесінде 14 ойын өткізген.