Шымкенттік «Ордабасының» бұрынғы ойыншысы, қазіргі украиналық «Металлист» клубымен бірге жаттығып жүрген Артем Касьянов UA-Футбол басылымына берген сұхбатында қазақстандық командалармен жолдастық кездесу өткізу туралы пікірімен бөлісті.

«Металлист» алдағы оқу-жаттығу жиынында қазақстандық клубтармен жолдастық кездесулер өткізеді.

- Иә, ол жағынан хабардармын. Таныс футболшылармен алаңда жолықсам, тек қуанышты болар едім.

- Қай командамен күш сынасқан қызық болар еді деп ойлайсыз?

- Бәрінен бұрын, «Тобылмен» матч өткізсек, қызық болады. Өйткені, ол командаға жаңадан мықты ойыншылар келіп қосылды. Тәжірибелі футболшылармен толысып, алдағы маусымда жоғары нәтижелерді - Қазақстан біріншілігінің жүлдесіне ілігуді мақсат етіп отыр. «Ақтөбе» командасымен күш сынассақ қызық болар еді. Былтырғы маусымда үздік үштіктен көрінді. Енді, Еуропа Лигасының іріктеу кезеңінде өнер көрсететін болады. Екі ұжым да өз алдарына мықты.