«Қайсар» Түркиядағы екінші оқу-жаттығу жиынында алғашқы жолдастық кездесуін өткізді.

Бұл туралы қызылорадық клубтың ресим сайты мәлім етті. «Қасқырлар» украиналық «Карпаты» клубымен күш сынасқан. Матч 0:4 есебімен украиналық клубтың пайдасына шешілді.

Естеріңізге сала кетсек, дәл қазір «Қайсар» Түркияда екінші-оқу жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Бұл команданың бірінші жолдастық кездесуі болатын, алда әлі үш ойын жоспарланған.