«Ордабасы» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында кезекті жолдастық матчын өткізді.

Шымкенттік клубтың қарсыласы сербиялық «Напредак» болған. Матч 2:1 есебімен Бақтияр Байсейітов шәкірттерінің пайдасына шешілді. «Ордабасы» сабында Азат Нұрғалиев пен Савио Нсереко қанжығаларын майлады.