Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер мексикалық Сауль Альварес WBC чемпиондық титулын Геннадий Головкинге қарсы кездесуде қорғайтынына үмітті екенін айтты. 

— Егерде Альварес-Хан жекпе-жегінің жеңімпазы Геннадиймен кездеспесе, онда Головкин WBC чемпионы атанады. Бірақ, біз Альварес өз чемпиондық титулын Головкинге қарсы кездесуде қорғайды деген үміттеміз. Бұл кездесу қос боксшы үшін  де қаржылық тұрғыда тиімді болмақ, — деді Леффлер Yahoo Sports сайтына. 

Естеріңізге сала кетсек, мамырдың 7-і, Лас-Вегаста Альварес британиялық Әмір Ханмен жұдырықтасады.