18-ші ақпан күні Калифорнияда 25-жастағы қазақстандық боксшы Бекман Сойлыбаев мексикалық Мойсес Дельгадилломен NABA USA чемпиондық титулын сарапқа салады.Кездесу екінші жартылай жеңіл салмақ  дәрежесінде өтеді.Бекман Сойлыбаев үшін бұл алғашқы титулды жекпе-жек болмақ. Бұған дейін жерлесіміз 7 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен болатын.

Сойлыбаевтың қарсыласы 28-жастағы мексикалық былғары қолғап шебері Мойсес Дельгадилло кәсіпқой рингте 30 кездесу өткізіп, он бес рет жеңіске жетіп, 13 рет ұтылған екен. Тағы екі кездесуін тең аяқтады.Қазіргі таңда, Бекман Сойлыбаев Лос-Анджелесте алдағы жекпе-жегіне дайындалуда.DiamondRing.kz сайтынан*