Қазақстандық Абзал Құттыбеков Д. Шопоковты еске алуға арналған халықаралық турнирдің 81 келіге дейін салмақ дәрежесінде бірінші орын алды.

Бішкектегі Қожомқұл атындағы спорт сарайында 7 ақпанда Кеңес Одағының қаһарманы Дүйшенкул Шопоковты еске алуға арналған бокстан 39-шы халықаралық турнир аяқталды.

Бұл жарыста он салмақ дәрежесі бойынша медальдар сарапқа салынған. 81 келіге дейін салмақта қазақстандық Абзал Құттыбеков топ жарды.