Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчестің айтуынша, мексикалық Сауль «Канело» Альварес күзде қазақстандық боксшымен жұдырықтаспайды, деп хабарлайды Аllboxing.ru.

«Менің ойымша, бұл қазірдің өзінде бокс әлемінде ең үлкен жекпе-жектердің бірі. Бұл кездесуді барша бокс жанкүйерлері күтуде. Бірақ, Канело мен Оскар Де Ла Хойя биыл жекпе-жекке келіседі деп ойлаймын. Олар Головкинге қарсы жекпе-жекті 2017-ші жылға дейін созады. Бәрімізге белгілі, егерде Альварес Головкинмен күзде кездеспессе, онда ол чемпиондық титулынан айырылады», - деді Абель Санчес.