Генадий Головкиннің жаттықтырушысы Абель Санчес 2015 жылдың үздік бапкері атанды. Бұл туралы жазған «PROСПОРТ» сайты.
 
Америкалық журналистердің нұсқасы бойынша былтырғы жылдағы үздік бапкер деп Санчес танылған.
 
Еске сала кетейік, 33 жастағы Қарағанды қаласының тумасы Генадий Головкин кәсіби рингтегі келесі жекпе-жегін 23 сәуірде Лос-Анджелесте өткізеді. Оның бұл жолғы қарсыласы 25 жастағы спортшы Доминик Уэйд.