23-жастағы қазақстандық боксшы Айдын Елжанов наурыз айының бас кезінде өзінің кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегін өткізеді. Бұл жөнінде былғары қолғап шебері іnboxing.kz сайтына берген сұхбатында мәлімдеді.

 

«Жетінші ақпан күні оқу-жаттығу жиындарын өткізу үшін Украинаға жол тартамын. Ал наурыз айының бас кезінде Киев қаласында менің кәсіпқой рингтегі кезекті жекпе-жегім өтуі тиіс», - деді Айдын Елжанов.