Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мадридтік «Реал» мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналдуды туған күнімен құттықтады.

«31-ші туған күнің құтты болсын, Криштиану! Осындай үлкен мерекені жақсы атап өт!», - деп жазды Головкин твиттер парақшасында.