Британиялық промоутер Эдди Хирн жартылай орта салмақ дәрежесінде IBF чемпионы Келл Брук пен қазақстандық боксшы Геннадий Головкин арасындағы жекпе-жекті ұйымдастыруға дайын екенін айтты. 

«Әмір Ханның Канеломен жұдырықтасатыны белгілі болған соң, Келл маған келіп: «Головкинмен бірінші орта салмақ дәрежесінде жекпе-жек ұйымдастырыңдар» деді. Содан соң бұл кездесу жайлы Леффлермен сөйлестім. Меніңше, Брук — жартылай орта салмақтағы ең мықты боксшы. Жазда біз оған үлкен жекпе-жек ұйымдастырамыз. Қарсыласы ретінде Геннадий Головкин, Мигель Котто, Кит Турман, Дэнни Гарсия сынды боксшыларды қарастырамыз», — деді Хирн IFL TV арнасына.