Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин мамыр айында өтетін Альварес-Хан жекпе-жегі жайлы өз ойын айтты. 

«Канело мен Хан арасындағы жекпе-жек нағыз айқас болады деген ойдамын. 2016-шы жыл бокс жанкүйерлері үшін керемет болмақ!», — деп жазды GGG өзінің твиттердегі ресми парақшасында.