Р4Р рейтингісінің бұрынғы көшбасшысы америкалық кіші Флойд Мейвезер өзін ауқатты адамдар санатына қосқан спортқа қайта оралғысы келмейтінін айтты.

Бірақ ол қомақты сома төленсе, рингке қайта оралуға дайын. Мұндай сомада ақша жинау үшін оған Сауль Альварес немесе Геннадий Головкинмен жұдырықтасу қажет.

«Қазір өз бабымдамын. Егер рингке қайта оралғым келсе, ол ақша үшін емес. Алайда қомақты гонорардан бас тартпаймын. Мені сондықтан Флойд «Money» Мейвезер деп атайды.

Бұл өркөкіректік, болмаса өрескелдік емес,  бұл менің мықтылығымның дәлелі. Өзімді үздік деп атауға толық құқым бар. Себебі рингке шыққан сайын жеңіс менің еншімде кетті», - деді Мейвезер.