WBA (Super), IBO, IBF және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін америкалық боксшы Доминик Уэйдке қарсы өткізеді.

Дегенмен кездесу ресми түрде расталған жоқ.

Екі боксшы арасындағы жекпе-жек 23 сәуірде Калифорниядағы "Форум" аренасында өтеді. Айта кетейік, Уэйдтің Головкинге қарсы жұдырықтасатыны Туреано Джонсонның жарақат алып, кездесуден бас тартуынан кейін белгілі болды.