Кәсіпқой бокстан орта салмақ дәрежесінде WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы британиялық боксшы Билли Джо Сондерс қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен «Эмирейтс» стадионында кездескісі келетінін айтты.   

Лондондық «Арсеналдың» матчында қонақта болған британиялық боксшы болашақта «Эмирейтс» стадионында Геннадий Головкинмен не болмаса Крис Юбенкпен жұдырықтасқысы келетінін білдірді. 

«Арсеналдың» алаңына шығу керемет сезім! Жанкүйерлер мені өте жылы қарсы алды. Болашақта мұнда Геннадий Головкинмен немесе Крис Юбенкпен кездесу өткізгім келеді. Головкин «Вэст Хэмнің» матчына барғанын естідім, бірақ егерде біз жұдырықтасатын болсақ, бұл кездесу тек «Эмирейтс» стадионында өтуі тиіс», - деді Сондерс vRINGe.com сайтына.