Қазақстандық биатлоншы Арина Пантова Румынияда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында пасьют жарысында үздік атанды.
 
Бұл туралы 24.kz хабарлайды. Кейле Градиштейте өткен бұл жарыста қыздар 7,5 шақырымды артқа тастады. Қазақстандық Арина Пантова мәре сызығын бірінші болып кесті, оның көрсеткіші - 27:15.2. Осылайша ол украиналық Анна Кривоностан 3 секунд, ал германиялық Марина Саутерді 4 секунд айырмасымен шаң қаптырып кетті. Ал тағы бір биатлоншы қызымыз Евгения Красюкова 28-орынға табан тіреді.