Ресейлік Архангельскіде өткен допты хоккейден 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы соңғы орын алды.

Біздің жігіттер бір ұпай жинау былай тұрсын, қарсылас қақпасына бір гол да соға алмады (!). Бірінші ойында шведтер 15:0, артынша финляндиялықтар 13:0 есебімен тас-талқан етті біздің хоккейшілерді. Артынша ресейліктер жауапсыз 21 голды қақпамызға тоғытты. Соңғы ойында норвегиялықтар бес қана гол соқты – 5:0. Осылайша,  Қазақстан құрамасы төрт матчта бір гол соға алмады, есесіне өз қақпасына 54 гол жіберді.  

 

 

 ожтжголұ
1 Ресей (U-17)440042-88
2 Швеция (U-17)430125-96
3 Финляндия (U-17)420223-114
4 Норвегия (U-17)41037-152
5 Қазақстан (U-17)40040-54