«Шахтер» футбол клубы» АҚ-да кадрлық өзгерістер болды. Владимир Нидергаус денсаулық жағдайына байланысты клубтың атқарушы директоры қызметінен кетті.
 
Директорды ресми түрде тағайындау дүйсенбі, 1 ақпанда өтеді. Жаңа директор қызметіне Асқар Әбділдаев келеді. Бұған дейін ол ҚФФ бұқаралық футбол департаментін басқарған, ҚФФ бақылау-тәртіптік комитетінің төрағасы, УЕФА-ның жағажайдағы футбол және футзал бойынша комитетінің мүшесі. Асқар Әбілдаев қазақстандық футболшы ретінде танымал, ол қарағандылық «Шахтер» атынан ойнаған. Қазақстандық Премьер-Лиганың үздік форвардтарының бірі болды. 2008-2010 жылдары «Шахтер» футбол клубын басқарған.
 
Футболшы ретінде жетістіктері:
 
Қазақстан чемпионы, 1992
 
Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері, 1994
 
Қазақстан Кубогының иегері, 1992
 
Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері, 1995
 
«Шахтер» ФК-ның директоры ретінде жетістіктері:
 
Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері, 2009
 
Қазақстан Кубогының финалистері, 2009,2010. 
 
inform.kz сайтынан