Бүгін кәсіпқой бокстан WBA, IBO, WBC, IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин Алматы қаласында Samsung компаниясының ұйымдастыруымен «Del Mar» ресторанында тілшілердің қатысуымен баспасөз-мәслихаты мен Samsung ұялы телефондарын таныстыру салтанаты өтті.
 
Кездесу барысында жаңа келісімшарты бойынша тек қана Samsung Galaxy А3, А5, А7 ұялы телефондарына қатысты сұрақтарға ғана жауап берген қазақстандық боксшы, іс-шараға келген қонақтарға қолтаңба таратып, фотосессия жасады. 
 
– Samsung компаниясымен байланыс орнатуымның басты себебі, мен бұл компанияның ұялы телефондарын бұрыннан бері қолданып келемін. Мен бәріңіз секілді қарапайым адаммын, бәріне өз уақытында жетемін, - дейді GGG.
 
Сонымен қатар, Геннадий Головкин 2017 жылы 28 қаңтар мен 8 ақпан аралығында Алматы қаласында өтетін Қысқы Универсиаданың елшісі болуға қалай қарайсыз деген сұраққа әзірше ол жағын ойланбағандығын жеткізді.
 
– Универсиаданың елшісі болу ойыма келмепті. Негізі менің уақытым өте тығыз, сол себепті көп іс-шараларға үлгере бермеймін. Бірақ бұл жайында міндетті түрде ойланатын боламын.
 
Кездесу соңында Головкин жаңадан сатылымға түскен Samsung Galaxy А3, А5, А7 ұялы телефондарының артықшылықтары мен жаңа мүмкіншіліктері жайлы баяндап берді.