Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің алдағы жекпе-жектерінде жеңіс тіледі, деп хабарлайды newskaz.ru.

«Сен шаршы алаңға шыққан сәтте барша Қазақстан саған жанкүйер болады. Сенімен мақтанамыз! Неғұрлым көп жеңіске жетіп, Отанына орал», - деді Елбасы «Нұр Отан» партиясының кезекті отырысында.

«Міндетті түрде», — деп жауап берді Головкин.