25-жастағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров (17-0, 12 КО) және оның қарсыласы бразилиялық Хоаким Карнейро (22-6, 20 КО) салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті, деп хабарлайды Inboxing.kz.

Аталмыш кездесу 66 келі салмақ дәрежесінде өтеді. Жекпе-жек он екі раундтық болмақ. Қос боксшы (NBA) Ұлттық бокс ассоциациясы бойынша чемпиондық белбеуін сарапқа салады.