Белгілі бокс бапкері Роберт Гарсия кубалық Эрисланди Лара мен орта салмақ дәрежесіндегі WBA (Super), IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин арасындағы болуы мүмкін жекпе-жекке өз болжамын жасады. 

«Менің ойымша, Головкин өз салмағында Лараны жеңеді. Геннадийдің соққысы Ларадан қарағанда жойқын. Эрисланди ары кетсе үш-төрт раунд қана төтеп бере алады, ал жекпе-жектің он екі кезеңнен тұратынын ескерсек, онда Головкин оны нокаутқа құлатады», — деді Гарсия EsNews сайтына.