WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин мен америкалық боксшы Доминик Уэйдке келісімге келуге 30 күн уақыт берілді.

Тengrinews.kz ақпараттық порталының мәлімдеуінше,  бұл туралы BoxingScene.com порталына Халықаралық бокс федерациясының (IBF) өкілі Джанетт Саласар айтқан.

«Оларға жекпе-жек шарттарын өзара келісуге 30 күн уақыт берілді. Келісімге келе алмаған жағдайда, ақпан айының соңында промоутерлік сауда тағайындалады. Біз әуелі рейтингтегі қолайлы қарсыласты таңдаймыз. Уэйдпен келісу мүмкін болмаса, ары қарай жұмыс істей береміз», - деді Саласар.

Айта кетейік, Головкиннің келесі кездесуі 23 сәуірге белгіленді. Осыған дейін Головкиннің IBF тұжырымы бойынша чемпиондығына Туреано Джонсон таласады делінген еді. Алайда алған жарақатынан ол жекпе-жектен бас тартты. Осыдан кейін IBF Головкинге қарсылас ретінде Уэйдті тағайындады.