33 жастағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі Лондонда өтуі мүмкін.

Головкиннің промоутері Том Леффлердің айтуынша, кездесу «Вест Хэм» футбол клубының стадионы «Болейн Граундта» болуы ықтимал. Айта кетейік, «Вэст Хэмнің» АПЛ аясындағы «Манчестер Ситиге» қарсы матчын Головкин өз командасымен бірге барып тамашалаған болатын.

Головкин рингте Билли Джо Сондерс немесе кіші Крис Юбенкпен жұдырықтасады деп күтілуде.