33-жастағы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Radio 5 Live радиосына берген сұхбатында орта салмақ дәрежесіндегі титулдарын біріктіргісі келетінін айтты. 

Сәуір айында Головкин британиялық боксшы Билли Джо Сондерспен жұдырықтасады деп күтілуде. 

Boxingnews24.com басылымының тілшісі Скотт Гилфойдтың айтуынша, Головкиннің командасы Ұлыбританияға Сондерстің промоутерімен кездесу үшін келді.