Белгілі британиялық кәсіпқой боксшы Әмір Хан қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы болуы мүмкін жекпе-жек жайлы өз пікірін айтты. 

«Меніңше, бұл жекпе-жектің фавориті - GGG. Головкин - өте шебер боксшы, екі қолының соққысы да жойқын. Біз әлі оның 100% дайындығын көрген жоқпыз. Геннадийдің керемет әуесқой мансабы болды, екеуіміз де 2004-ші жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегеріміз. Әйтсе де, Канело оған нағыз қарсылас болмақ», - деді Головкин.