Қазақстанның «Astana Arlans» боксшылары Қарағандыда өткен WSB маусымының бірінші жекпе-жегінде әзербайжандық «Baku Fires» командасын 4:1 есебімен қапы қалдырды.

ҚазАқпараттың мәлімдеуінше, Теміртас Жүсіпов (49 кг) Джавид Дадашовты айқын басымдықпен жеңді, есеп - 3:0 (50:45, 50:45, 50:45), Мейірболат Тоитов (56 кг) Яраш Магомедовты ұтты - 3:0 (49:44, 50:43, 49:44), Еркін Мұхамеджан (91 кг) Гаджи Муртазалиевты бір ұпай айырмасымен жеңді, есеп - 2:1 (47:48, 49:46, 48:47), Асхат Уәлиханов (64 кг) Гайбатулла Гаджиевтен жеңіліп қалды - 0:3 (47:48, 46:49, 47:48), Мейірім Нұрсұлтанов (75 кг) Бадри Хардзианиді жеңді, есеп - 3:0 (49:46, 50:45, 50:44).

6 ақпанда «Astana Arlans» командасы «Puerto Rico Hurricanes» шаршы алаңында кездесу өткізеді.