Қазақстандық Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлердің айтуынша, шәкіртінің мансабы америкалық жұлдыздар кіші Флойд Мейуэзер мен Андре Уордқа қарағанда қиындау болды.

«Головкин табысқа жету үшін екі америкалық олимпиадашылар Мейуэзер немесе Уордқа қарағанда өте ауыр жолдан өтті. Головкинге Қазақстаннан Германия мен АҚШ-қа көшіп, шет елде фанаттық базаға қол жеткізуге тура келді.

2012 жылдың басында Головкинді HBO мен Showtime-ға сатқанымда бірден белгілі болып кетпеді. Олар Головкинді Қазақстаннан болғандықтан және ағылшынша сөйлей алмағандықтан өздеріне алғысы келмеді. Оны сату қиынға соқты», - деді Леффлер.