Орта салмақ көшбасшысы Геннадий Головкинмен сол салмақтағы багамдық Туреано Джонсонның арасында болуы мүмкін жекпе-жек туралы танымал боксшы Қанат Ислам өз пікірін білдірді, деп хабарлайды inform.kz
 
«2009 жылы Бейжіңде мен Туреононы жеңіп кеткенмін. Меніңше, ол Головкинге лайық қарсылас емес. Иә, ол - техникасы, мінезі, рухы бар боксшы, алайда оның жеңіске деген айтарлықтай талпынысы жоқ. Егер Головкин Джонсонмен кездессе, сөзсіз тізе бүктіреді», - деді Қанат Ислам.
 
Еске сала кетейік, бұған дейін Головкиннің келесі қарсыласы Туреано екені хабарланған болатын. Алайда, иығынан жараланған багамдық боксшы Головкинмен сәуірдегі кездесуге қатыспайтын болды.