Қазақстандық боксшы Қанат Ислам отандасы Геннадий Головкин мен багамалық Туреано Джонсон арасында болуы мүмкін жекпе-жек туралы ойымен бөлісті.

«2009 жылы Пекинде Туреаноны тізе бүктіргенмін. Меніңше, ол Головкинге лайықты қарсылас бола алмайды. Онда техника, мінез, рух бар, бірақ жеңіске жетелейтін ынта жоқ. Егер Головкин Джонсонмен кездесіп жатса, сөзсіз жеңіске жетеді», - деді Ислам.