Орта салмақ дәрежесінде өнер көрсететін америкалық боксшы Кертис Стивенс Геннадий Головкинді қалай жекпе-жекке шақырғанын айтып берді.  

«Көп боксшыларды жамандасам, маған ешкім жауап бермейді. Ал Головкинді жамандағанымда, ол маған бірден жекпе-жек жайлы ұсыныс жіберді», - деді Стивенс.Естеріңізге сала кетсек, Головкин Стивенспен 2013-ші жылы жұдырықтасып, оны сегізінші раундта тоқтатты.