Fotomac.com.tr сайтының хабарлауынша, «Галатасарай» футболдан Еуропа Лигасынан шеттетілуі мүмкін.

УЕФА-ның қаржы комитеті «Галатасарай» клубын қатаң жазаламақшы. Себебі түркиялық команда 2015/16 маусымында қаржылық «фэйр-плей» қағидасын ұстанбаған. Арбитраждық палата жуырда өз шешімін шығарады.

«Галатасарай» клубы Еуропа Лигасының 1/16 финалына жіберілмесе, «Астана» командасы «Лацио»-мен кездесу өткізіп, жарысты жалғастыруы мүмкін.