Футболдан Қазақстан жастар құрамасы (U-21) Сан-Петерборда өтіп жатқан «Достастық кубогының» топтық кезеңін соңғы орын алды.

Қазақстандық футболшылар топтағы соңғы ойында Қырғызстан жастарымен тең тарқасқан. Ойын 2:2 есебімен тең аяқталды. Қазақстан жастары екі рет есепте алға шыққанымен, екеуінде де қолда тұрған қолайлы нәтижені сақтап қала алмады.

Естеріңізге сала кетсек, Серік Әбдуалиев жаттықтыратын жастарымыз «Достастық кубогында» сәтті өнер көрсете алған жоқ. Алдымен Молдова жастарына есе жіберсе, кейіннен Беларусь құрамасымен тең ойнады.

23 қаңтар күні Қазақстан жастары жарыстағы соңғы ойынын өткізеді.