Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің IBF тұжырымы бойынша міндетті қарсыласы багамалық Туреано Джонсон иығын жарақаттап алды. 

Осылайша, жерлесіміз енді сәуір айына басқа қарсылас іздеуді бастады. Бұл туралы GGG-нің "вКонтактедегі" ресми парақшасынан белгілі болды. 

Естеріңізге сала кетсек, Сауль Альварес те мамыр айына жоспарланған жекпе-жегіне әлі қарсылас таппады.