Қазақстандық боксшы Руслан Мырсатаев кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегін 30 қаңтар күні Алматыда өткізеді, деп хабарлайды kazsport.kaztrk.kz
 
Ол бокс кешінің басты жекпе-жегінде ресейлік Валерий Замираловпен қолғап түйістіреді. Сонымен қатар, бұл кеште қазақстандық кәсіпқой боксшылар Айдос Ербосынұлы, Берікбай Нұрымбетов пен Нұрсұлтан Қабдұлов та рейтингтік кездесулер өткізбек.
 
Алматыда өтетін бокс кешін «BM Global», «Diamond Ring» және Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясы ұйымдастырып жатыр.