Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес қазақстандық боксшының жетістігін қайталай алатын спортшының есімін атады.

Tengrinews.kz ақпараттық порталының мәлімдеуінше, Абель Санчес ресейлік 22 жастағы Мұрат Гассиевті «келесі Геннадий Головкин» болатынын айтқан. Санчес бірінші ауыр салмақта сынға түсіп жүрген спортшының кез келген боксшыдан басым түсетінін мәлім етті. «Мен оны келесі Геннадий Головкин деп есептеймін», - деді бапкер.