Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен WBO белбеуінің иегері Билли Джо Сондерстің біріктірілген кездесуіне арналған келіссөздер нәтиже бермеді. Бұл туралы ағылшын боксшысының промоутері Фрэнк Уоррен хабарлаған.

Тengrinews.kz ақпараттық порталының мәлімдеуінше, Головкинның командасы Сондерске 23 сәуірде Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында кездесу өткізуді ұсынған. Алайда англиялық боксшының командасы бұл ұсыныстан бас тартыпты. «Олардың сәуірге арналған жекпе-жегі өтпейді, - деп мәлімдеді Уоррен. – Менің ойымша, мұндай жекпе-жек стадионда өтуі тиіс. Мен бұл жекпе-жектен қашып отырған жоқпын, Билли жұдырықтасқысы келеді, бірақ ол ақылға қонымды болуы керек. Менің ойымша, жекпе-жек жақсы жағдайда тиімді уақытта өтуі тиіс». 

Бірақ Уоррен Сондерстің жазда әзірше белгісіз бірақ маңызды бір кездесуінің өтетінін мәлімдеді, бірақ бұған дейін титулын қорғап қалу үшін кездесу өткізеді. «Біз қарсыластың аты-жөнін және кездесу өтетін уақытын атаймыз, ол ттек жазда өтеді, мегафайт болады». Осылайша, 23 сәуірде Головкин IBF бойынша міндетті үміткер багам боксшысы Туреано Джонсонмен кездесетін болды.