Орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин АҚШ Ұлттық Хоккей Лигасының матчын тамашалады.

Бұл туралы ВКонтакте желісіндегі GGG тобы мәлім етті. Қазақстандық боксшы «STAPLES Center»-де белгілі канадалық хоккейші, қазіргі «Los Angeles Kings» клубының бизнес-операциялар бойынша президенті Люк Робитайлмен бірге Ұлттық лига кездесуіне барды.