Бүгін «Атырау» алғашқы жолдастық кездесуін өткізеді.

Атыраулық клубтың ресми сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, батысқазақстандықтар швейцариялық Челлендж лигада (екінші дивизион) ойнайтын «Wil 1900» командасымен күш сынасады.

Швейцариялық команданың құрамында Бразилия, Перу, Түркия, Голландия, Германия, Босния және Герцеговина, Македония, Иран елдерінің футболшылары бар. Клубтың бас бапкері – Кевин Копер.

«Атырау» мен «Wil 1900» арасындағы матч бүгін Астана уақытымен 19:30-да басталады.