Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин сәуір айында Халықаралық бокс федерациясының (IBF) нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпиондығы атағын міндетті түрде  Туреано Джонсонға қарсы жекпе-жекте қорғау керек.

Головкин қазан айында өткізген соңғы жекпе-жегінде канадалық Давид Лемьені жеңіп, IBF белбеуін иемдеген болатын. Сонымен қатар, 33-жастағы боксшының WBA (Super), IBO и WBC (interim) белбеулері бар. 

«Геннадий Головкин IBF белбеуін міндетті түрде қорғайтын жекпе-жегі сәуір айында Туреано Джонсонға қарсы өту қажет. Бұл кездесу әлі нақты шешілмеді», - дейді IBF өкілдері.